19:53, 30 Қаңтар 2009 | GMT +5
Облыс әкімі сегіз ақтөбелікке пәтер кілттерін тапсырды
АҚТӨБЕ. Қаңтардың 30-ы. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ – Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Елеусін Сағындықов жетім, көпбалалы және журналист отбасыларынан шыққан бірқатар ақтөбеліктерге пәтер кілттерін тапсырды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыс әкімі қолынан екі бөлмелі пәтердің кілтін ? үш жетім Қарабасовтар, бір бөлмелі үйдің кілтін ? Алға облыстық балалар үйінің тәрбиеленушісі, 11 сынып оқушы Артем Ходырев алды. Сондай-ақ бір және екі бөлмелі пәтерлерге көп балалы ана, зейнеткер Маржан Қарауылбекова, «Керек инфо» газетінен Айдос Шөкіш, «Актюбинский вестник» газетінен Мәлике Тұғылова, «Ақтөбе» газетінен Мейрамгүл Сатаева, «Табын» газетінің редакторы Ерсайын Ахметов және «Жұлдыздармен жүздесу» газетінің редакторы Мұсағали Тасқалиев ие болды. Тапсыру салтанатында Елеусін Сағындықов атқарушы биліктің демеушілермен бірлесе отырып тұрғын үйге аса мұқтаж, бірақ заң бойынша оны кезек тәртібімен ала алмай жүрген жандардың тұрғын үй мәселелерін шешуге бұған дейін де талай рет көмектескенін атады. Атап айтқанда, осы пәтерлерді қалалықтар екі ақтөбелік ұйымнан ? «Ақтөбеорталық» ЖШС-дан (2 пәтер) және «Емшан» компаниясынан (6 пәтер) алып отыр.