19:11, 08 Мамыр 2009 | GMT +5
Облыс әкімі соғыс ардагерлерімен кездесті
АҚТАУ. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Бүгін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев 10 соғыс ардагерімен кездесіп, оларды Жеңістің 64 жылдық мерекесімен құттықтады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Ұлы Отан соғысы ұрпақтар жадында теңдесі жоқ жанқиярлық пен өшпес ерліктің үлгісі ретінде мәңгі сақталады. Бүгінгі бейбіт күн, тыныш өмір миллиондардың Ұлы Жеңіс жолында төгілген қасық қанымен келгенін біз ешқашан естен шығармаймыз. Отан үшін отқа түскен ардагерлер алдында бас иіп, шейіт боп кеткен батыр аталарымыздың рухына тағзым етеміз. Сіздердің дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық, ашық аспан астында жарқын өмір тілеймін!», деді әкім құттықтау сөзінде.Ардагерлер де құрметі үшін облыс әкіміне алғыс айтып, қызметіне табыс тіледі. Кездесуде облыс әкімі атынан майдангерлерге ақшалай, заттай сыйлықтар тарту етілді.