20:21, 19 Қаңтар 2009 | GMT +5
Облыс басшысы ардагерлермен кездесті
ОРАЛ. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов өңір ардагерлерімен кездесіп, өткен жыл бойы атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттерге тоқталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыс басшысы Елбасы тапсырмасына сәйкес қолға алынатын шаруаларды жүзеге асыруда аға ұрпақтың үлгісін есте ұстаудың маңызы зор екенін атап өтті. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Батыров қарияларға жасалып отырған қамқорлық үшін ризашылығын білдірді.
Аталмыш басқосуға қала мен облыс аудандарынан жүзден астам ардагер қатысып, жылы шырайлы дастархан басында риясыз әңгіме дүкен құрды.