Облыс басшысы өңір шәкірттерін соңғы қоңырау салтанатымен құттықтады

ОРАЛ. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Мамырдың 25-інде Орал қаласындағы №36 орта мектепте өткізілген соңғы қоңырау салтанатына облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов қатысып, шәкірттер мен ұстаздарды, ата-аналарды мектеп бітіру мерекесімен құттықтады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс басшысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес көптеген жұмыстардың қолға алынғанын атап өтті. Облыста «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасына орай сәулетті білім ошақтары бой көтерді. Соңғы үш жылда 428 мектептің тең жартысы күрделі жөндеуден өткізілді. Алдағы уақытта ауылдарда жаңа мектеп-интернаттар іске қосылмақ.

Облыс бойынша 2009-2010 оқу жылын аяқтағалы тұрған 92591 шәкірттің 6027-сі мектеп бітірмек. Облыс басшысы олардың бәріне де сәт сапар тіледі.

Соңғы жаңалықтар