Облыс басшысы орталық мешітке жиналған жамағатты Құрбан айт мерекесімен құттықтады - БҚО
ОРАЛ. 16 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов 16 қарашада Орал қаласындағы орталық мешітте болып, осында жиналған жамағатты Құрбан айт мерекесімен құттықтады.
Облыс басшысы Құрбан айттың мұсылмандардың басты мейрамы екендігін, оның ізгілік пен мейірімділіктен бастау алатынын атап өтті. Әл-ауқаты жететін адамдар құрбан шалып, дастархан жайып, жақын-жуықтарын шақыру, малдың етін жарлы-жақыбайларға үлестіру арқылы сауапқа қалады. Бұл - қоғамдағы қайырымдылықтың нақты бір көрінісі.
Өңір мешіттерінде айт намазы оқылған соң құрбан шалына бастады.
Айт мейрамы үш күнге созылмақ. Адамдар мереке күндері көтеріңкі көңіл-күйде болып, бір-біріне кешіріммен қарайды. «Айт құтты болсын!» айтысып, бір-бірінің үйіне қонаққа барады.