Облыс басшысы Теректі, Бөрлі аудандарында болып, жаңа нысандардың ашылу салтанатына қатысты

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Теректі ауданы орталығы Федоров ауылында 300 орындық жаңа аудандық мәдениет үйі ашылды. Бұл мақсатқа 340,9 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстарын «Металлқұрылыссервис» ЖШС атқарып шықты. Облыс басшысы аудан активімен кездесіп, Елбасы тапсырмасына сәйкес алда тұрған мақсат-міндеттерді атап көрсетті.
Бөрлі ауылында екі пәтерлік екі үй пайдалануға берілсе, Бумакөлде жас туристер стансысы ашылды. Стансы ғимаратын күрделі жөндеуге аудандық бюджеттен 25,4 миллионнан астам теңге қаралып, сондай-ақ 3,5 миллионнан астам теңгеге ПАЗ-32025 автобусы алынып берілген. Бумакөлде су құбыры 49,3 млн. теңгеге жөнделсе, Ақсай қаласында 120 млн. теңгеге №5 орта мектепке қосымша ғимарат бой көтерді. Ал Ақбұлақ ауылында табиғи газ алауы жағылып, мәдениет үйі іске қосылды.