15:00, 25 Ақпан 2009 | GMT +5
Облыс экономикасының нақты секторы жылдың алғашқы айында оң өзгерістермен басталды
АҚТАУ. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 2009 жылдың қаңтарында қолданыстағы бағамен 68 млн. 385 мың теңгені құрады.
Бұл 2008 жылдың қаңтарына қарағанда 1,7 пайызға артық. Кен өндіру және өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 1,9 пайызға өсті. Электр энергиясы, газ және су өндірісінде ағымдағы кезеңде нақты көлем индексі 98,6 пайыз болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментіне сілтеме жасап.Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі биылғы қаңтарда 173,8 млн. теңге болды. Сөйтіп, 2008 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 0,8 пайызға артты. Азық-түліктен басқа тауарларға бағалар 0,1 пайыз кеміді, азық?түлік тауарлары мен ақылы қызметке баға тиісінше 0,7 және 1,1 пайыз өсті. Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің мәліметтері бойынша жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар есебінде тұрған азаматтардың саны 2009 жылдың қаңтар айының соңында 795 адам болды. Тіркелген жұмыссыздардың үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді халық санына 0,8 пайызды құрады.2008 жылдың желтоқсан айында жұмысшыларға есептелген орташа атаулы айлық жалақы 68 мың 045 теңгені құрап, алдыңғы жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 15,8 пайызға өсті.