Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Облыс орталықтарында ЭКСПО-2017 көрмесінің билет кассалары ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Облыс орталықтарында ЭКСПО-2017 көрмесінің билет кассалары ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Астана ЭКСПО-2017» компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс орталықтарында ЭКСПО-2017 көрмесінің билет кассалары ашылады

2017 жылдың 8 наурызында сағат 12.00-де  Павлодар, Өскемен, Қарағанды, Көкшетау қалаларында ЭКСПО-2017 көрмесінің ресми билет кассалары ашылады.

Павлодар - «Batyr mall» ОСК

Өскемен  -  «Император» СК

Қарағанды  - ОУМ СҮ

Көкшетау  - РИО ОСК

12 наурызда 12:00-де дәл осындай билет кассалары Петропавл, Талдықорған, Тараз, Шымкент пен Қызылорда қалаларында да жұмыс істей бастайды.

Петропавл - «Рахмет» СК

Талдықорған  - «Сити Плюс» ОСК

Тараз - «Смолл» СҮ

Шымкент - «Shymkent plaza» ОСК

Қызылорда -  «Жибек Жолы» СҮ

25 наурызда сағат 12.00-ден бастап, Қостанай, Ақтөбе, Орал, Ақтау және Атырау қалаларынан өңір халқы ЭКСПО-2017 көрмесіне арналған билеттерді сатып ала алады.

Қостанай  - «Март» ОСК

Ақтөбе  - «Мега Актобе» ОСК

Орал  - «Сити Центр» ОСК

Ақтау - «Ақтау» СҮ

Атырау - «Baizaar» ОСК

Бұған дейін көрменің ресми кассалары тек Астана мен Алматы қалаларында болған еді. Сонымен қатар билеттерді көрменің ресми билет сайтында, Меломан дүкендер желісі мен Қазпошта бөлімшелерінен сатып алуға болады.