Облыс прокуратурасында сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық істерді тергеу ерекшеліктері талқыланды

ОРАЛ. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО прокуратурасында облыс прокурорының бірінші орынбасары Шымырбай Ағабековтің төрағалық етуімен сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық істерді тергеу ерекшеліктері және алдын ала тергеу кезінде туындайтын мәселелерге қатысты семинар-кеңес өткізілді.
None
None

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, алқалы басқосуға БҚО облыстық соты апелляциялық алқасының төрағасы Теміржан Нұғыманов, Орал қалалық сотының төрағасы Ғалымжан Ищанов, сондай-ақ ҚР ҰҚК БҚО бойынша департаменті, облыстық ішкі істер департаменті, БҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері қатысты. Олар қылмыстық істерді тергеу барысында кездесетін кемшіліктер мен қателіктерді де назардан тыс қалдырған жоқ. Әсіресе, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің пара алуына қатысты істерді тергеу жайына ерекше көңіл аударылды. Алдын ала тергеу ісін сапалы да тиімді жүргізу бағытында кеңінен пікір алысылды.

Соңғы жаңалықтар