Облыста жеке саудадағы кейбір тауарлар мен азық-түліктердің бағасы орташа импорт бағасынан бірнеше есе асып түседі

АҚТАУ. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Кедендік бақылау комитетінің 16-22 қаңтар аралығындағы тауарлар мен азық-түлік бағалары туралы ақпараты бойынша, Маңғыстау облысындағы жеке саудадағы кейбір тауарлар мен азық-түліктердің бағасы орташа импорт бағасынан бірнеше есе асып түседі.
None
None
Мәселен, бір килә картоптың кедендік алымдар мен тасымалдау құнын қоса алғанда орташа импорттық бағасы 18 теңге болса, ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша оның жеке саудадағы орташа бағасы 97 теңге/кг құрап, импорт бағасынан 5,3 есе асып түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Кедендік бақылау департаментіне сілтеме жасап. Өзгедей азық-түлік тауарлары бойынша да жағдай осындай: Сиыр еті - импорт бағасы 219 теңге, жеке саудадада одан 3,2 есе қымбаттап 696 теңге құраған. Кондитерлік печенье ? импорт бағасы 85 теңге, жеке саудада 268 теңге, өзгерісі 3,2 есе. Қияр ? импорт бағасы 48 теңге, жеке саудада 5 есе өсіп 239 теңге болады. Қызанақ ? шекарадан өткенде 32 теңге, ішкі нарықта 283 теңге, өзгеріс 8,8 есе. Апельсин ? 30 теңгемен келіп, 10,2 есе қымбаттап, 306 теңгеге өсіп кетеді. Алма ? 26 теңге, жеке саудада 247 теңге, өзгерісі 9,5 есе. Барлық тауарлар салмақ бірлігімен алғанда бір келі өлшеммен алынған. Тауарларда да ахуал осындай.Кедендік жүк декларациясын тапсыру арқылы бір автокөліктен алынатын кедендік алымдар мен салықтардың көлемі, көлік құралының жүк көтергіштігін қоспағанда, жалпы бекітілген тәртіп бойынша келесі соманы құрайды. Халық тұтынатын тауарларды алып кіргені үшін ? 1 181 801 теңге, көкөніс пен жеміс-жидектер алып кіргені үшін ? 57 695 теңге.
Соңғы жаңалықтар