Облыстық әдеби конкурсқа жарты мыңдай оқушы қатысты - Павлодар

ПАВЛОДАР. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда оқушылар арасындағы бесінші облыстық әдеби-поэтикалық конкурстың қорытындысы шығарылды.
None
None

«Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған және «Қалам қарымы» деген ұранмен өткен шығармашылық байқауға қалалық және ауылдық мектептерден 540 оқушы екі мыңға жуық әңгімелерін, эсселері мен өлеңдерін жолдады» - дейді Павлодардағы Оқушылар сарайының жанындағы «Ямб» студиясының жетекшісі Людмила Прокаева.

Балалардың туындылары соғыс жылдары Отандарын қорғаған адамдарға арналған. Авторлар майданнан жазылған хаттар, соғысқа қатысқан ата-балаларының суреттері мен құжаттары сақтаулы отбасылық мұрағаттарға жүгінген. Балалар өмірдің мәні туралы, соғыс туралы, бейбіт өмір туралы толғайды.

Конкурс финалына 106 автор шықты, 40 туынды «Әскери өмірбаян», «Туған жерімнің батырлары», «Менің асыл әжем», «Арманға жол» аталымдары бойынша атап өтілді.

Соңғы жаңалықтар