19:03, 19 Қаңтар 2009 | GMT +5
Облыстық мәдениет басқармасының бастығы тағайындалды
АҚТӨБЕ. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбе облысының әкімі Елеусін Сағындықовтың өкімімен облыстық мәдениет басқармасының бастығы болып Нәзира Табылдинова тағайындалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Нәзира Табылдинова 1962 жылы туған, Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтын бітірген. Еңбек жолын Ақтөбе облыстық филармониясында аспапшы-гитарашы болып бастады, қалалық демалыс саябағында, облыстық халық шығармашылығы үйінде қызмет атқарды, «Алақай» қуыршақ театрының директоры болып жасады.