Облыстық прокуратура: Павлодардың Солтүстік ішкі істер бөлімінде жүргізілген тексерулер барысында көптеген заңбұзушылықтар анықталды

ПАВЛОДАР. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Облыстық прокуратура Павлодардың Солтүстік ішкі істер бөлімінде жүргізген тексерулері барысында бірқатар заңбұзушылықтар,
None
None
атап айтқанда қылмыстарды тексеру кезінде және істерді тіркеу мен есепке алуда жол берілген дөрекі заңбұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап. Желтоқсанның 5-і күні орын алған «Ивушка» дүкеніне жасалған шабуыл фактісі бойынша қылмыстық істі полицейлер желтоқсанның 18-і күні, прокурорлық тексеру басталғаннан кейін ғана қозғаған. Куәгерлер мен зардап шегушінің жауаптары бойынша, қарулы шабуыл жасалғанына қарамастан (ҚР Қылмыстық кодексінің 179-шы бабы), бұл қылмысты полицейлер «тонау» (ҚР Қылмыстық кодексінің 178-ші бабы) қылмысы деп заңсыз таныған. «Ласточка» базарының күзетшілері өзін соққыға жығып, 27 мың теңге сома ақшасын тартып алғандығы туралы М., деген азаматтың арызы бойынша да қылмыстық іс қозғалмаған. Осы және басқа да қылмыстар бойынша прокуратура қылмыстық іс қозғап отыр.
Соңғы жаңалықтар