Өкімет есеп беру жиналыстарының алдында халықтан үнқатулар күтуде ? Семей

СЕМЕЙ. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Қаңтардың 19-ынан бастап Семей әкімі Мейрамхат Айнабековтің облыс орталығы мен жақын маңдағы селолық округ-кенттердің тұрғындарымен есеп беру кездесулері өтеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жергілікті мерзімдік басылымдарда қала әкімінің 2008 жылдың 11 айының жұмыс қорытындысы бойынша есептерінің тезистері жарияланып отыр. Кездесулер қарсаңында қала тұрғындары әкімдіктің «сенім телефонына» хабарласып, қалалық қызметтердің жұмыстары туралы өз ой-пікірлерін білдіре алады. Сондай-ақ қала бойынша 6 нүкте мен 16 селолық округте аймақ тұрғындарының ұсыныс-ескертулері мен үнқатулары үшін арнаулы жәшіктер орнатылған. Қалалық әкімдіктің ішкі саясат бөлімінен хабарлағанындай, барлық хат-хабарлар міндетті түрде қаралады, бірде-бір шағым жауапсыз қалмайды.
Соңғы жаңалықтар