Окинава тұрғындары арал аумағына АҚШ базасының орналасуына наразылық білдіруде

АСТАНА. Мамырдың 17-сі. ҚазАқпарат - Жауын-шашынға қарамастан, жексенбі күні 17 мыңнан астам адам Окинава аралының аумағында американдық базаның орналасуына қарсы наразылық акциясына қатысты. Олар Футэмма АҚШ әуе базасының дуалын қоршай тұрып, өкіметті базаны жабуды талап етті,

Окинава   тұрғындары арал  аумағына   АҚШ базасының  орналасуына   наразылық  білдіруде

деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.

Жапонияның Гинован және Наго қалалары әкімшіліктерінің басшылары да, Жапония және Құшама Штаттар үкіметтеріне арналған бірлескен мәлімдеме жариялап отыр. Олар Футэмма базасын префектура аумағына орналастыру жоспарынан бас тартуды талап етуде.

«Өкіметтер АҚШ әскери нысандарының орналасуы нәтижесінде жергілікті тұрғындардың мойнына түсетін салмақты жеңілдетулері және базаны мұнда қалдырмаулары керек», - деп атап көрсетеді Гинован және Наго қалаларының мэрлері.