ОКҚ брифингінде елдің шығыс өңірі халықаралық маңызды іс-шараларын ұйымдастыру мен өткізу тәжірибелерімен бөлісті

Ағымдағы жылғы тамыз-қыркүйекте ШҚО-да 9 ірі шара өткізу жоспарлануда. Брифинг қатысушыларына «ШҚО талдау және болжау институты» ЖШС-ның директоры, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Олег Чернышев, ШҚО бұғы шаруашылығы қауымдастығының төрағасы Нұрлан Тоқтаров, сондай-ақ облыстық Халықтар достығы үйінің директоры Эльдар Төлеубеков алда өтетін шараларды ұйымдастыру ерекшеліктерін айтты.
Тамызда облыс «Невада-Семей» халықаралық ядроға қарсы қозғалыстың 25-жылдығын, «Шыңғыстау-2014» республикалық жәрмеңкесін, V халықаралық бал фестивалін, VI дүниежүзілік бұғы шаруашылығы конгресін, АӨСШК қатысушы жастар мен жастар ұйымдарының халықаралық лагерін және туыстас қалалар өнерінің фестивалін мерекелеуге әр елден қонақтар шақырады.
Қыркүйекте Шығыста «Ұлы дала сазы» халықаралық фестивалі мен «Алтай-Алтай» республикалық музыка фестивалі және «Tour de Oskemen» веложарысы өтеді.
Олег Чернышевтің айтуынша, оларды өткізу өңірдің беделін республикалық және халықаралық деңгейде арттырып қана қоймай, сонымен бірге экономикалық байланыстарды дамытуға, елдің көршілес өңірлерімен бірге, шетелдермен достық пен ынтымақтастықты нығайтуға септігі тимек. Сондай-ақ жәрмеңке, көрмелер мен фестивальдар өткізу барысында ШОБ, шаруашылық қожалығы, ферма өкілдері қатысады, олар шараға өз өнімдерін әкеліп, әріптестерімен тәжірибе алмасады, өз тұтынушыларының шеңберін кеңейтуге мүмкіндік алады. Бұдан басқа, туризм саласын дамытуға, инвестициялар тартуға ықпал етпек. Шығыс Қазақстанға келген шетелдік қонақтар өлкенің тамаша көркем табиғатын тамашалайды, перспективалық өнеркәсіптік кәсіпорындарымен танысады.