Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Өкілдер палатасы Конгресс мүшелерінің акция сатып алуын шектейтін заң жобасын қабылдады

АСТАНА.KAZINFORM - АҚШ Өкілдер палатасы Конгресс мүшелерінің акция сатып алуын шектейтін заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды CBS News.

Конгрессменам США ограничат торговлю акциями
Фото: Рүстем Қожыбаев/Kazinform

Заң жобасын барлық республикашылдар мен 13 демократ қолдады.

Аталмыш заң жобасы заң шығарушыларға, олардың жұбайларына және асырауындағы балаларына мемлекеттік компаниялардың акцияларын сатып алуға тыйым салады және кез келген жоспарланған бағалы қағаздарды сату туралы алдын ала хабарлауды талап етеді.

Заңды бұзғандарға 2000 доллар немесе келісім бағасының 10%-ы көлемінде айыппұл салынады, сонымен қатар кез келген пайда тәркіленеді.

Заң жобасының авторы Брайан Стейл, заңның инсайдерлік ақпаратты жеке пайда үшін пайдаланудың алдын алуға бағытталғанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, жаңа ережелер Конгреске деген сенімді арттырады және заң шығарушылардың қаржылық қызметін бақылауды күшейтеді.

Демократтар заң жобасын сынға алып, оның Конгресс мүшелеріне қолданыстағы акцияларды иеленуге тыйым салмайтынын және президент немесе әкімшілік қызметкерлеріне қолданылмайтынын атап өтті.

Мұндай бастамаларды жақтаушылар қазіргі қолданыстағы заң тиімсіз деп санайды, өйткені мәмілелерді жариялау талаптарына қарамастан, бірде-бір конгресмен осы уақытқа дейін оны бұзғаны үшін жауапқа тартылған жоқ.

Акциялар саудасын шектеу бойынша жаңа бастамалар Өкілдер палатасында да, Сенатта да жалғасып жатыр. Кейбір заң шығарушылар Конгресс мүшелерінің, президенттің, вице-президенттің және олардың отбасыларының жеке акцияларға иелік етуіне толық тыйым салуды жақтап отыр, бірақ одан да қатаң заң жобаларының ешқайсысы әлі толық күшіне енген жоқ.

Бұған дейін АҚШ Конгресі Пентагонға 1,15 трлн доллар бөлуді мақұлдаған болатын.