ОҚМУ мен Манчестер университеті Оңтүстік Қазақстандағы мақта-мата кластерін кадрлармен қамтамасыз етеді
Бұл туралы екі тараптың Шымкентте өткен кездесуінде белгілі болды.
Жоғары оқу орындары оңтүстікте дамып келе жатқан мақта-мата кластерін кадрлармен қамтамасыз етудің бірлескен жобасын іске асырады. Бұл үшінші кездесу, бұдан бұрын Ұлыбританияда болған еді. «Біз Ұлыбританияның өнеркәсіп және зияткерлік меншік министрімен кездесіп, бұл елдің тарапынан жақсы қолдауға ие болдық», - деді ОҚМУ-дың жеңіл және тамақ өнеркәсібі факультетінің деаны Жұмахан Мірхалықов.
«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы, ОҚМУ және Манчестер университеті қол қойған меморандум ауқымында бірлескен жұмыс көзделген. «Біз студенттерді екі деңгейде - бакалавр және магистанттар мамандығына даярлаймыз және жоғары оқу орнының оқытушылары мен «Оңтүстік» АЭА қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын боламыз», - деді Манчестер Метрополитен университетінің бас лекторы Крис Томас.
«ОҚМУ педагогтарының әлеуеті жоғары, студенттердің білімі жақсы, біз олардың деңгейін еуропалық стандарттарға жақындатамыз», - деді Манчестер Метрополитен университеті мода технологиясы орталығының қызметкері Анджела Пирс. - Студенттер ОҚМУ мен Манчестер университетінің екі дипломын алып шықпақ. «Бұл Елбасының «Еуропаға жол» бағдарламасын іске асырудың жарқын көрінісі. Біздің білім халықаралық стандарттарға сәйкес болуы тиіс», - деді ОҚМУ ректоры Уәлихан Бишімбаев.
Бүгінде Шымкентте 4 тоқыма кәсіпорны жұмыс істейді, тағы үшеуі іске қосуға әзір. «Оңтүстік» АЭА аумағында таяу жылдарда 10-15 фабрика салынады, оларға 10 мыңдай маман керек.