ОҚО аграршылары арзандатылған ЖЖМ-ды нарықтағы бағамен алып келген
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - ОҚО ауылшаруашылық өндірушілері арзандатылған жанар-жағармайды нарықтағы бағамен алып келген.
Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл бұзушылық туралы ауылшаруашылық өндірушілері кеңес кезінде айтып берді. Ол ЖЖМ-ды үлестірудің тиімсіз жүйесіне ашуын білдіріп, арзандатылған дизельдік отыннан бас тартуға дайын екенін айтты.
Ауылшаруашылық өндірушілеріне олардың жағармай шығындарын тікелей қаржыландыру ұсынылды. «ОҚО Кәсіпкерлер палатасының облыстың бүкіл аудандарында құрылған мониторинг жүргізу топтары арзандатылған дизельдік отынды сату кезінде көптеген бұзушылықтарды анықтаған. Олар жеңілдікпен берілетін ЖЖМ-дың сапасы мен үлестірілуінің ашықтығын талдауы тиіс болған. Нәтижесінде олар арзандатылған жанармайды үлестірудің қазіргі жүйесі тиімсіз деген қорытынды жасаған. ЖЖМ-ды әуелі салалық министрлік үлестіріп әкімдіктерге береді, әкімдіктер оны аймақтарға жеткізуі тиіс операторларды тағайындайды. Ең үлкен құпия бұл операторларда болып отыр», - деп хабарлады ОҚО Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінен.
Кәсіпкерлер палатасы сарапшыларының ұзақ уақыт бойы облыстың ауыл шаруашылығы басқармасынан оператордың қалай анықталатынын және іріктеу критерийлерінің қайда жазылғанын, қажетті құжаттардың тізімін анықтай алмай отыр. Палата адамдардың кімге және қанша бөлінгенін көруі үшін операторларды іріктеудің бұл механизмін, отынды үлестіруді ашық етуге ниеттеніп отыр. «Әдетте операторлар облыс орталығында болады. Әдетте олардың не қоймалары, не көлігі жоқ, олар бәрін жалға алып отырады. Сол үшін олардың шығындары арзандатылған ЖЖМ-ның нарықтық бағасымен теңеседі».