ОҚО әкімі Б.Атамқұлов балалардың жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жайында бiрқатар тапсырма жүктедi

Бұл туралы облыс әкiмдiгiнiң қала және ауыл-аймақ көшелерi мен жолдардағы балалар жарақатының алдын алу мәселелерi туралы өткен кеңесiнде айтылған болатын. Басқосуда облыс әкiмi Б.Атамқұлов құқық қорғау органы басшыларына балалардың жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жайында бiрқатар тапсырмалар жүктедi. Облыс басшысы тиiстi қызметкерлерге бiлiм беру ұйымдары маңына жүргiншiлер жолағы мен жол кедергiсiн орнатуды және бағдаршам мен ескерту нобайын қоюды тапсырды.
Бұл туралы «Оңтүстік Қазақстан» газеті жазады.
Айта кетейiк, Оңтүстік Қазақстан облысы Iшкі істер департаментінiң әкiмшiлiк полиция басқармасы тамыз айында облыс орталығындағы 141 мектепте балалардың жолдан өтуi жағдайын бақылап көрген болатын. Олардың көпшiлiгiнде жасөспiрiмдердiң жолдан өту қауiпсiздiгi сақталмағаны белгiлi болды. Сондай-ақ, 667 жол белгiсi жетiспейтiнi анықталған.