ОҚО әкімі өңірде АӨК-ті дамыту стратегиясы жөнінде айтып берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов өңірде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту стратегиясы жөнінде айтып берді.
None
None

«Облыс экономикасының құрылымында агарарлық сектор елеулі үлесті алып отырғанын және халықтың жартысынан астамы ауылдық жерде тұратынын ескере отырып, саланың тиімділігін арттыру - өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі факторы болып табылады», - деді әкім.

Бірінші бағыт - әрбір ауданның әлеуеті мен климаттық ерекшеліктері зерттеліп, 2020 жылға дейінгі нақты индикаторлар бекітілді.

Екіншіден, фермерлерге төмен пайызбен берілетін несиелердің көлемін арттыру қарастырылған.

Үшінші бағытта - әрбір ауылдық округте арнайы кооперативтер құрылып, онда машина-тракторлық стансаларын ашу көзделген.

Төртіншіден, суармалы жерлердің жағдайын жақсартып, жаңадан суармалы жерлерді айналымға қосу қарастырылды.

Бесінші бағытта ауыл шаруашылығы саласында ғылымның жетістіктерін мейлінше енгізу қамтылған. Яғни, әрбір ауданда сол жердің ерекшеліктерін ескере отырып, Кәсіпкерлік мектептерінің базасында шаруаларға ғылыми-консультациялық қызмет көрсететін орталықтар ашылмақ.

Соңғы жаңалықтар