ОҚО әкімі сайлауда өз таңдауын жасады
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов алғашқы сайлаушылар қатарында Шымкент қаласындағы № 95 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді. Бұл туралы ОҚО әкімінің ресми сайтынан хабарланады.
Өз таңдауын жасаған өңір басшысы: «Бүгін еліміздегі тағы бір тарихи оқиғаға куә болып отырмыз. Облыс тұрғындары ел азаматтарымен бірге өз таңдауын жасап жатыр. Оңтүстікқазақстандықтар бұрын өткен сайлауларда белсенділік танытқан, бүгін де жоғары деңгейде қатысады деп ойлаймын», - деді. № 95 сайлау учаскесінің төрағасы Беркінбай Шуланбековтың айтуынша, мұнда 1727 адам дауыс беруге құқылы. Тіркелген азаматтардың дауыс беруі қарқынды жүріп жатыр. Жалпы, Оңтүстік Қазақстанда 1029 сайлау учаскесі болса, оның 222-сі Шымкент қаласында орналасқан. Оңтүстік Қазақстанда дауыс беруге құқылы 1 миллион 255 мыңнан астам адам бар.