16:39, 23 Қараша 2014 | GMT +5
ОҚО әкімі Шымкенттегі МӨЗ жаңғырту барысымен танысты
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан әкімі Шымкенттің "ПетроКазахстан Ойл Продактс" ЖШС және "Энергоцентр-3" - екі ірі кәсіпорнын аралады. Бұл туралы облыстық әкімдік баспасөз қызметінен хабарлады.

Мұнай өңдеу зауытын аралау барысында ОҚО әкімі Асқар Мырзахметов кәсіпорынды жаңғырту барысымен танысты. Зауытта әкімге бірінші кезеңнің аяқталғанын мәлімдеді.
Әкім мен зауыт басшылығының кездесуінде маман даярлау мәселесі де сөз болды.
Сондай-ақ әкім Шымкенттік ЖЭО-ға барды. Қысқа дайындық кезінде облыс басшысы жөндеу жұмыстары жүрізілгендігін айтты.
Шымкенттің барлық аудандарында жылу қазадықтары жөндеуден өтті. Кәсіпорын қоймаларында 7 347 тонна резервтік отын (мазут) дайындалды. 107663 текше метр газ жеткізуге "ҚазТрансгаз Аймақ" компаниясымен шарт жасалды.