13:04, 23 Ақпан 2016 | GMT +5
ОҚО әкімі Шымкентті стартаптар мен инновациялар қаласы ретінде көргісі келеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов болашақта Шымкент қандай деңгейде болатынын айтып берді.

«Шымкент қаласы төрт агломерациялардың бірі болып айқындалғаны белгілі (Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе). Осында өңірдің өнеркәсіптік және ғылыми әлеуеті шоғырланып, тиісті инфрақұрылым құрылады», - деді әкім Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде жергілікті билік Шымкентті ірі қазіргі заманғы мегаполиске айналдыру бағытында жұмыс істеуде. Бұл тұрғыда шаһар жақындағы өңірлер үшін өсім нүктесіне айналып, бизнеске қолайлы жағдай жасалады, қауіпсіздікке ерекше мән береліп, көгалдандыру шаралары тыңғылықты жүргізілмек.
«Шымкент қаласының зияткерлік орталыққа айналып, стартаптар мен инновациялардың шаһары болуын қалаймыз»,-деді Атамқұлов.