ОҚО әкімінің екі жаңа орынбасары тағайындалды

ШЫМКЕНТ. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысында аймақ басшысының екі жаңа орынбасары тағайындалды,

ОҚО әкімінің екі жаңа орынбасары тағайындалды
деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 33 жасар Берік Оспанов облыс әкімінің бірінші орынбасары қызметін иеленді. Бұған дейін осы қызметті 2003 жылдан бері Ислам Әбішев атқарып келген болатын. Ол биылғы наурыздың 26-сынан бастап Өскемен қаласының әкімі болып тағайындалды. 2004-2009 жылдары Б.Оспанов ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп кешені және аграрлық ғылымды дамыту стратегиясы департаментінің директоры, «ҚазАгроИнновация» АҚ басқармасы директорлар кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды. Оның соңғы қызмет орны - «ҚазАгроИнновация» АҚ президенті. Ерлан Айтаханов ОҚО әкімінің қаржы саласын басқаратын орынбасары қызметіне тағайындалды. Ол осы лауазымды атқарып, наурыздың 26-да басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметтен босаған Елдана Сәдуақасованы алмастырды. 38 жастағы Е.Айтаханов осы тағайындауға дейін ҚР Қаржы министрлігі Қаржы бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша қаржы бақылау инспекциясының бастығы қызметін атқарып келген.