13:19, 22 Қазан 2012 | GMT +5
ОҚО-да «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша 39 мектеп пен 7 аурухана салынды
ШЫМКЕНТ. 22 қазан. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстанда «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасының аясында 39 мектеп пен 7 аурухана салынды.

ОҚО әкімінің бірінші орынбасары Берік Оспановтың сөзіне қарағанда, жалпы алғанда 2010 жылы Оңтүстік Қазақстан бойынша - 60, ал 2011 жылы 54 мектеп салынды. 2012 жылы 74 мектептің құрылысы жоспарланды, бүгінгі күні олардың 23-і пайдалануға берілген.