ОҚО-да 125 млн. теңге ауыл шаруашылығының заңсыз субсидиялары анықталды

ШЫМКЕНТ. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ – Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы жалпы сомасы 125 млн. теңге болатын ауыл шаруашылығының заңсыз субсидияларын анықтады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл жөнінде облыстық прокуратура алқасының кеңейтілген отырысында ОҚО прокурорының бірінші орынбасары Ержан Ерәлиев хабарлады. Бұл тек қадағалау органының ішінара тексерулерінің қорытындылары ғана. Осы жұмыстардың қорытындылары бойынша 11 адамға қатысты 19 қылмыстық іс қозғалды. Мемлекеттік қаражатты талан-таражға салушылардың ішінде ? үш ауылдық округтың әкімі бар. Сотқа жауап беруге тартылған төрт адамға айыптау үкімдері шығарылды. Ашылған фактілердің ішінде айтарлықтай ірі соманың талан-таражға салыну жағдайлары да бар. «Әл-Барак» ЖШС сафлор егуге 7 872 500 теңге мөлшерінде субсидия алған. Тексеру барысында шаруашылық ешқандай да сафлор сеппегені анықталды. Алайда егін еккені туралы Сарыағаш аудандық ведомстволық комиссиясының мүшелері қол қойған қабылдау актісі бар», ? деді Е.Ерәлиев. Осылайша, ЖШС ведомствааралық комиссияның тікелей қолдауымен ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіруге деген желеумен заңсыз субсидия алған», ? деді прокурор.Қылмыстық жауаптылыққа тартылған шаруашылықтың басшысы сот отырысына келген жоқ, осыған байланысты іздеу жарияланды.
Соңғы жаңалықтар