ОҚО-да 522 жоба «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында қаржыландырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ОҚО-да 522 жоба «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында қаржыландырды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
None
None

Бұл туралы кеше Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ОҚО бойынша «Даму» қорының аймақтық филиалы директорының міндетін атқарушы А.Асқаров мәлім етті. Оның айтуынша, «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге аса бастағаннан бастап қазіргі уақытқа дейін жалпы сомасы 126,12 млрд. теңгеден асатын 522 аса жоба мақұлданған. Соның ішіңде Шымкент аумағынан тыс 192 жоба.

Салалық тұрғыда өңдеуші өнеркәсіп саласындағы кәсіпкерлердің жобалары 194, ал тасымалдау және қоймада сақтау саласында 82 жоба басымдыққа ие. Ал өткен 2015 жылы 2 млрд. 940 млн. теңге болатын 113 жоба қаржыландырылса, осы жылы 2 млрд. 900 млн. теңге болатын 95 жобаны субсидиялауға қаржы бөлінетінін айтты. А.Асқаровтың мәлімдеуінше, кәсіпкер жобасын моноқала, шағын қала және ауылды елді мекендерде жүзеге асыратын болса, несие пайыздық ставкасы 10%-ға, ал Шымкент және Түркістан қалаларында - 7 пайызға дейін субсидияланады. Сондай-ақ, «Даму» қоры бастаушы кәсіпкерге 85%-ға дейін, яғни несие сомасы 20 млн. теңгеден аспайтын, ал жұмыс істеп тұрған кәсіпкерге 50%-ға дейін, несие сомасы 180 млн. теңге көлемінде субсидия береді.

Баспасөз мәслихатында сөз алған «Даму» қорының бас менеджері М.Бердәлиева «БЖК 2020» бағдарламасы аясында жобаларды қаржылай емес қолдау құрамының бірі - Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары болып табылатынын айтты. Орталық бастаушы және әрекет етуші кәсіпкерлерге шағын және орта бизнесті ашу және жүргізу бойынша «бір терезе» қағидасы бойынша қызметтер ұсынады. Мәселен, өткен жылы Шымкент пен Түркістан қаласында орналасқан орталық 5 мыңға жуық қызмет алушыға 10 мыңнан аса қызмет көрсетілген.

Сонымен қатар, КҚКО-да жас кәсіпкерлерге, әйел кәсіпкерлерге, жалпы барлығына арнайы шеберлік сабақтары, тренингтер, семинарлар өткізілуде. Ал ақпан айының соңында белсенді студент жастар үшін және өз бизнесін сауатты құрамын деген жас кәсіпкерлер үшін жаңа бағдарлама бастау алады. Шымкент және Түркістан қалаларында ақпан айының соңына дейін жұмысын кәсіпкерлерге арнайы бағдарламаны жүзеге асыру үшін оқыту жобалары жүргізіледі. «Даму» қоры қаржылық қолдау (кепілдендіру және субсидиялау) алуға, оларды алдағы уақытта алып жүру үшін 4 үздік бизнес-идея іріктеліп алынып, олармен әрі қарай тәлімгерлер жұмыс жүргізетінін хабарлады.

Соңғы жаңалықтар