19:56, 09 Наурыз 2016 | GMT +5
ОҚО-да 8 наурызда 107 қыз дүниеге келген
АСТАНА. ҚазАқпарат - 8 наурызда ОҚО-да 186 сәби дүниеге келді. Бұл туралы otyrar.kz хабарлады.

Атап өту керек, халықаралық әйелдер күнінде туған нәрестелердің басым бөлігі - қыздар. 186 шақалақтың 79-ы ұл бала, қалғаны қыздар. Аналардың да, сәбилердің де жағдайлары жақсы.