ОҚО-да Ақсақалдар жиыны Мәртөбеде өтті
Ақсақалдар кеңесі барлық қазақстандықтар үшін қасиетті орын болып табылатын бұл жерге барлық билік тармақтарының, дін өкілдерін, үкіметтік емес ұйымдарды, тарихшыларды, жастарды шақырды. Мереке қонақтарына бүгінгі Конституцияның прототипін - «Жетi Жарғы» заңдар жиынтығын құрудың маңызды сәттерін көрсететін театрланған қойылым көрсетілді. «ХVІІ- ХVІІІ ғасырларда билер заңдар жиынтығын әзірледі және Тәуке хан оған мөрін соғып, бұдан былай барлық қазақтар осы заң бойынша өмір сүретінін жариялады», - деді тарихшы Сағынғали Әбубәкіров.
Көшіп-қону шекарасы, мал жайылымының аумағы, халықаралық қатынастардағы даулы мәселелер мен проблемалар - бәрі де Мәртөбеде шешілді. Бұл жерде дала парламенті мен сотының отырыстары, құрылтайлар өтті.
«Жетi Жарғыны» құрып Тәуке хан руларды біріктірді, үш жүздің орналасу аумағын белгілеп берді. Ол юриспруденцияның және өкілетті биліктің негізін, қазақ мемлекеттілігінің бастауын қалады деп айтуға болады», - деп санайды «ОҚО Азаматтық альянс» қоғамдық ұйымының төрайымы Клара Алипова.
Мерекенің соңында ақсақалдар кеңесі жерлестеріне үндеу әзірледі. Онда көнекөз қариялар жас ұрпақтың аталар дәстүрін сақтауға және құрметтуге, еліміздің гүлденуі жолдында барлық күштерін жұмсауға шақырады.