ОҚО-да Арыс аудандық сотының жаңа төрағасы тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Н.К.Шәріпов Арыс аудандық сотына жаңадан тағайындалған төраға Ертаев Ақылбек Қайыпұлын сот ұжымына таныстырды.

ОҚО-да Арыс аудандық сотының жаңа төрағасы тағайындалды

Жиынға құқық органдарының басшылары, БАҚ өкілдері қатысты, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметінен. Осылайша, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 17-ші наурызындағы №1024 «Қазақстан Республикасының кейбір аудандық және оған теңестірілген соттарын құру және тарату және Қазақстан Республикасы соттарының кейбір кадр мәселелері туралы» Жарлығына сәйкес, А.Қ.Ертаев Шымкент каласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып, Арыс аудандық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды.