ОҚО-да аудандық білім беру бөлімінің бухгалтеріне сот үкімі шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сайрам аудандық сотының үкімімен аудандық білім беру бөлімінің бухгалтері алаяқтықпен және пара беру, яғни Қазақстан Республикасының ҚК-нің 28 бабының 3 бөлімі, 367 бабының 2 б, 190 бабының 2 б, 3,5 тармақтарымен айыпталды, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметінен.
None
None

Сот отырысында анықталғандай, азамат А.С. білім беру бөлімінің бухгалтеріне өзіне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша оң шешім қабылдап, көмек беру өтінішімен жүгінген.

Білім беру бөлімінің қызметкері Х.К. мемлекеттік сатып алуға жауапты бола тұра, белгіленген уақытта А.С.-дан сұраған 100 000 теңгесін алған. Сотталушы Х.К. сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерлерімен ұсталып, одан 100 000 теңге тәркіленді.

Сотталушы Х.К. мүлкі тәркілене отырып, 3 000 000 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Сонымен қатар қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айырылды. Үкім заңды күшіне енбеді.

Соңғы жаңалықтар