ОҚО-да аудандық құрылыс бөлімінің бастығы қамауға алынды

ШЫМКЕНТ. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат -  ОҚО-ның қаржы полицейлері қызметтік жалғандық жасау күдігімен «Сарыағаш ауданының құрылыс бөлімі» ММ-нің бастығы Б. Смановты тұтқындады.

ОҚО-да аудандық құрылыс бөлімінің бастығы қамауға алынды

Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, 2011 жылдың сәуір айынан 2012 жылдың қазан айына дейін шенеунік, лауазымды тұлға бола тұра, «Ауыз су»  бағдарламасы бойынша Сарыағаш ауданының Бірлесу кентінде сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы бойынша іс жүзінде атқарылмаған жұмыстар туралы Ф№2 және Ф№3 жалған актілерін бекіткен, осылайша, 9,9 млн. теңгені жымқырған.

Қазіргі уақытта  Б.Сманов сот санкциясымен қамауға алынды.