ОҚО-да аумағы 120 шаршы метр болатын көкнәр алқабы анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нелагал-2015» іс-шарасын өткізу кезінде еліміздің оңтүстігінде орналасқан «Сарыағаш» шекара отрядының әскери қызметшілері Сарыағаш қаласындағы жеке үйлердің бірінің бақшасында өсіп тұрған есірткілік өсімдік - көкнәр алқабын анықтады.
Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тергеу амалдары кезінде аумағы 120 шаршы метр болатын алқаптан 2272 түп көкнәр өсімдігі алынды.
Аталған іс бойынша материалдар Сарыағаш аудандық ішкі істер басқармасына берілді.