ОҚО-да «Ауыз су 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға бөлінген 20 млн. теңгеден астам қаржы жымқырылды

ШЫМКЕНТ. 31 мамыр. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстанның қаржы полицейлері «Сарыағаш аудандық құрылыс бөлімі» ММ бастығының,
None
None

«Бәймен» ЖШС директорының және «Тұран Құрылыс» ЖШС техникалық бақылау жөніндегі инспекторының үстінен қылмыстық істер қозғады.

Олар бюджет қаржысын жымқырды және қызметтік жалғандық жасады деп күдіктелуде. Тергеу анықтағандай, олар «Ауыз су 2020» мемлекетік бағдарламасы шеңберінде 2011-2012 жылдар аралығында Диқан кентінде сумен қамту нысандарының құрылысы бойынша жұмыстар орындалмағанын біле тұра, атқарылған істер туралы Ф№2-3 жалған актілерін бекітіп, мердігер - «Бәймен» ЖШС-ға 21,8 млн. треңгеден астам қаржыны аударған.

Сондай-ақ аталмыш факті бойынша 2012 жылы «Сарыағаш аудандық құрылыс бөлімі» бастығының міндетін атқара отырып, «Бәймен» ЖШС-ға тағы 1 млн. теңгеден астам қаржыны аударған П. Анарқұлға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Басқа ақпарат тергеудің мүддесіне орай жарияланбауда.

Соңғы жаңалықтар