ОҚО-да балаларының көзінше өз әйелін өлтірген ер адамды 14 жылға қатаң режимдегі колонияға соттады

ШЫМКЕНТ. 6 маусым. ҚазАқпарат - Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта 30 жасар Кентау тұрғынын соттады. Ер адамды аса ауыр қылмыс жасады деп айыптауда.

ОҚО-да балаларының көзінше өз әйелін өлтірген ер адамды 14 жылға қатаң режимдегі колонияға соттады

Тергеу деректері бойынша, айыпталушы өз әйелін балаларының көзінше өлтірген. Бұл қылмысты ол мас күйінде жасаған. Жанжалдасу кезінде ер адам екі баласының көзінше әйеліне бірнеше жерден пышақ сұққан.

Ауданаралық мамандандырылған сот төрағасы Райымхан Заппаровтың айтуынша, қылмыстық іс бойынша сот сотталушыны айыпты деп танып, қатаң режимдегі түзеу колониясына 14 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды.

Ата-анасыз қалған кәмелетке толмаған екі ұлы уақытша жергілікті қамқорлық және қорғаншылық органына берілді.