ОҚО-да білім беруді дамытуға биыл 184 млрд. 900 млн-нан астам теңге бөлінді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Биыл ОҚО-да білім беруді дамытуға 184 млрд. 900 млн. теңгеден астам қаражат бөлінді, деп хабарлады облыстық әкімдік баспасөз қызметі.
None
None

Бұл қаражат облыстық және республикалық бюджеттерден бөлінді. Сонымен, ОҚО білім беру басқармасының басшысы Альбина Елшиеваның деректеріне сүйенсек, 23 млрд. теңгеден астам қаражат 104 білім беру нысанын салуға бөлінді, биыл олардың 32-сі пайдалануға берілді. Үш ауысымдық үш мектептің, 29 апатты мектептің проблемалары шешілді. Саманнан салынған мектеп саны азайды, өңірде қазір олардың саны 153.

Сондай-ақ, білім беру басқармасы басшысының деректеріне сүйенсек, биыл 6 млрд. 800 млн. теңге 10 мектепті күрделі жөндеуге бөлінген, 697 мектепте сомасы 301 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу жүргізілді. Өңірде мектепке дейінгі білім беру саласында да жетістіктер бар. Олар 78,3 пайыз баланы қамтыды. 1454 балабақшаның 647-сі жекеменшік болып табылады.

Баспасөз қызметінде бірыңғай ұлттық тестілеу нәтижелері де айтылды. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда, жақсы болды.

Альбина Елшібаева берген деректерге сүйенсек, үздік белгіні 608 түлек иеленді. 96 адам халықаралық олимпиаданың жеңімпазы ретінде тест тапсырудан босатылды.

«Білім беру қызметкерлерінің алдында үлкен міндет тұр, - деді ОҚО әкімі Бейбіт Атамқұлов. - Біз үш тілді білім беру жүйесіне көшуіміз қажет. Бұл үшін жас білікті мамандар қажет. Қазір педагогтар оқу жылына дайындық үстінде. Олар сабақ жүргізіп қана қоймай, кәмелеттік жасқа толмағандар арасында қылмыстың алдын алу үшін ауқымды тәрбие жұмыстарын жүргізуі қажет».

Баспасөз қызметінде қазір облыс мектептерінде «Бірлесіп балаларға көмектесеміз» атты қайырымдылық акциясы өтуде екенін атап өтті. Әрі 1 қыркүйекте бірінші сынып оқушылары президенттен «Менің отаным - Қазақстан» атты кітапты сыйға алады. Биыл 70 488 бала мектеп табалдырығын аттайды.

Соңғы жаңалықтар