ОҚО-да браконьерлер қабанды атқандары үшін 300 мың теңге төлейді

 ШЫМКЕНТ. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қаратау орман шаруашылығында браконьерлер ұсталды.
None
None

3 аңшының ізін қорықшы анықтады. Түркістандық азаматтар аңға атпен шыққан.

Жануарларды қорғаушылардың мәліметтеріне қарағанда, браконьерлер Қызыл кітапқа енген арқарларды аулаған.

Қорықшы аңшыларды ұстау мақсатында көмек шақырғанымен, оларды бірден қолға түсіру мүмкін болмады. Олар тек 3 күннен кейін ұсталды. Аңшылар осы уақыт бойы Тесіктас шатқалында жасырынған.

Ер адамдар арқарды атпағанымен, басқа жануар - қабанды аулап үлгерген. Енді олар қабанды атқандары үшін шамамен 300 мың теңге төлейді.

Орман және жануарлар әлемін қорғау бойынша басқарма директоры Ж. Сәрсенбайдың сөзіне қарағанда, Түркістан тұрғындарын ұстау барысында жабайы қабанның 68 келі еті алынды. Оларда аң аулауға еш рұқсат қағаздары болмаған.

Соңғы жаңалықтар