ОҚО-да дала өрті сөндірілді
АСТАНА. Шілденің 20-сы. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысындағы Төле би ауданы, Қарабастау елді мекенінде дүйсенбі, шілденің 19-ы күні 150 гектар аумақтағы даланың өртенуі орын алды,
деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
ТЖМ атап өткеніндей, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өрт Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің, сондай-ақ жергілікті халықтың күшімен екі жарым сағаттан соң ауыздықталды.