ОҚО-да дәстүрлі «Қазақ дастарханы» фестивалі өтті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында этномәдени бірлестіктердің қатысуымен дәстүрлі  «Қазақ дастарханы» фестивалі өтті. Өңірдегі түрлі этнос өкілдері мақал-мәтел айту мен  асық атудан сайысып, қазақы дастархан жайды,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық филиалы ұйымдастырып жатқан фестиваль аясында  оңтүстікқазақстандық 17 этномәдени бірлестік мүшелері  қазақтың төңкерме, жөргем, жоңқа, көмбе, үлпершек, бұқпа, қарын бөртпе сынды түрлі ұлттық тағамдарын дайындады.  Ұлттық тағамдардың тарихы мен  ас әзірлеудің әдіс-тәсілін іс-шара қонақтары мен қазылар алқасына  баяндады. Мипалау, қазан жаппа, құрт көжені көпшіліктің назарына ұсынды.

Бір үйдің баласындай болған ұлт өкілдері  ұмыт бола бастаған қазақы  тағамдарды ел жадында жаңғырту мақсатында дайындағандарын айтты. Мәселен, неміс ұлтының өкілдері нарын тураса, татар-башқұрттықтар қуырдақ пісіріпті. Осылайша фестивальге келген қала тұрғындары дастарханнан  дәм татты. Фестиваль соңында қазылар алқасы әділ бағасын беріп, жеңімпаздар марапатталды. 

null null null null null 

Соңғы жаңалықтар