ОҚО-да халықаралық жолаушылар хабын дамыту жайы талқыланды
Аймақ басшысы осы жылдың 9 айында мұндағы жолаушылар ағымы 600 мыңнан астам адамды құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 30 пайызға артқанын атап өтті. Жиында жолаушылар хабының халықаралық жолаушылар мен облыс тұрғыдарына әлемдік деңгейде қызмет көрсететін бірқатар жобалар отырысқа қатысушылардың назарына ұсынылды. Онда облыс әкімінің бірінші орынбасары Дархан Сатыбалды 2020 жылғы ТМД елдерінің мәдени астанасы ретінде Шымкент қаласының жариялануына байланысты аумақтардың даму бағдарламасына сәйкес Шымкент әлемдік деңгейдегі қала ретінде дамуы жоспарланғанын айтты.
«2020 жылғы ТМД елдерінің мәдени астанасы ретінде Шымкент қаласының жариялануына байланысты - халықаралық деңгейдегі түрлі мәдени шараларды өткізуге ерте бастан дайындалу қажеттілігі туындауда. Оңтүстік Қазақстан облысы көрші Өзбекстан Республикасымен шекаралас болғандықтан, көрші елдің шекаралас аймақтарымен әлеуметтік-мәдени және экономикалық қарым-қатынас жақсарып келеді. Жоғарыда айтылған барлық алғышарттардан облыс орталығына жақын және алыс шетелдерден келушілердің саны еселеп өсетіні белгілі. Осыған байланысты, облыстың туристтік, халықаралық байланыстар әлеуетін дамыту мақсатында әуе және теміржол көлігі инфрақұрылымын қарқынын арттыру қажет. Бұл өз кезегінде облыс экономикасына оң әсер етіп, бюджет кірістерінің ұлғаюы мен жаңа жұмыс орындары ашылуна септігін тигізеді», - деді облыс әкімінің бірінші орынбасары.
Сондай-ақ, ол жолаушылар хабы құрылысының жобасы бүгінгі заман талабынан туындаған жоба ретінде бағалай отырып, әкімдік тарапынан әуежайдың аумағын кеңейту, инфрақұрылым құрылысы мен автомобиль жолдары жүйесін жолаушылар ағынына сай дамыту бойынша бірқатар ұсыныстарды жеткізді. Бұдан бөлек, аймақ басшысы туристік әлеуеті мол өңірде екінші темір жол вокзалын салу жайы мен Ташкент-Түркістан бағытында темір жол қатынасын дамытуды ұсынды.
Мәжілісте сонымен бірге, «Қазақстан темір Жолы» ҰК» АҚ Президенті Қанат Алпысбаев «Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасында басымдықты миллион тұрғыны бар Алматы мен Шымкент қалаларын дамыту хабы ретінде қарастырылғанын мәлімдеді. Осы қалалардың дамуы Алматы мен Шымкент агломерациясын дамытудың ұзақ мерзімді жоспарлары аясында жүзеге асырылатынын да атап өтті.
«Бағдарламада сонымен бірге Шымкенттегі әуежай хабының құрылысы қарастырылған. Қазіргі уақытта Шымкент әуежайы еліміздің қарқынды дамып келе жатқан әуе айлақтарының бірі болып табылады. 2014 жыл мен 2016 жылды салыстырғанда жолаушылар тасымалының өсуі 40% -дан асады. Lufthansa Consulting Gmbh компаниясы әзірлеген әуежайдың даму стратегиясына сәйкес 2030 жылға қарай трафик көлемі жылына 3 млн адамға жетеді. Шетелдік авиакомпаниялар осы облыстан Үрімші, Киев, Дели, Дубай Тегеран, Пекин, Прага бағыттары бойынша рейстер ашуға қызығушылық танытуда. Оңтүстік Қазақстан облысы - тарихи тұрғыдан маңызды аймақ, ол шетелдік туристердің қызығушылығын тудырады. Аймақтың туристік кластерін дамыту аймақтың тиімді экономикалық дамуына ықпал етеді және әуежайдың өндірістік қуаттылығының өсуіне ықпал етеді»,-деді Қанат Алпысбаев.
Баяндамалышарды тыңдап, өз ойын білдірген Асқар Мамин Шымкент - республиканың негізгі индустриялық, туристік және мәдени орталықтарының бірі екенін айтып, миллионға жуық халқы бар бұл қаланың дамуына Мемлекет басшысы да ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.
Оңтүстік Қазақстан облысы - еліміздің ең маңызды көліктік хабы екенін айтқан Асқар Мамин кездесу қорытындысы бойынша ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне әуежай мен әуежай инфрақұрылымының тұжырымдамалық дамуы бойынша ұсыныстар әзірлеп енгізуді тапсырды.