ОҚО-да қарқынды бау көлемі 1000 гектарға ұлғаяды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында қарқынды бау көлемі 1000 гектарға ұлғаяды. Қазығұрт ауданында 70 гектарға қарқынды бау егіліп, маусымдық кезеңде 100 адамды жұмыспен қамтымақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
None
None

null
Бау егуді қолға алған «Бірлік» АӨК» өндірістік кооперативінде 86 гектар суармалы жері бар. Соның 70 гектарына 200 мың түп алма көшеті отырғызылған. Италия құрал-жабдықтармен жарақтандырылған бау 3 жылдан соң әр гектарына 50-60 тоннадай өнім беруге қауқарлы. Мұнда қазір алманың Голден Делишес, Ред Делишес, Гала, Фуджи, Грени, Смит секілді түрлері түйіндеп тұр. Қарқынды баудың жалпы инветициялық құны - 1,2 млрд теңге.  Жобаға жұмсалған қаржының 1 млрд теңгесін «Ауыл шаруашылығын қаржылай  қолдау қоры» АҚ берсе, 200 млн теңгесі  жеке қаржы саналады.

«Қазір мұнда 18 адам тұрақты жұмыспен қамтылса, маусым кезеңдерінде 100 адамды еңбекпен қамтимыз деп отырмыз. Бауымыз өзінің өнім беру деңгейіне 3 жылдан кейін жетеді. Сол кезде гектарынан 50-60 тоннаға дейін өнім алынады. Ал биыл гектарына 5-6 тоннадан өнім алуды көздеп отырмыз», - дейді  «Бірлік» АӨК» өндірістік кооперативінің  атқарушы директоры Бекжан Қалибеков.

Өткен жылы кооператив жұмысымен облыс әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы танысып, атқарылған іске оң бағасын берді. 
null 

 «Қазіргі таңда облыста 2 мың гектарға жуық қарқынды бау бар. Оларға қажетті  құрал-жабдықтар шетелден тасымалданатын. Ендігі мақсат - бау-бақшаға қажетті бетон бағаналары мен тор, пластикалық құрылғыларды өзімізде өндіруге мүмкіндік туып отыр. Бұл өз кезегінде алманың өзіндік құны арзандай түседі деген сөз. Сондай-ақ бағбандықты жетік меңгерген  маман даярлау ісіне де мән берілетін болады. Жалпы, облыстағы интенсивті баулардың көлемін тағы да 1000 гектарға ұлғайту жоспарымызда бар», - деді Жансейіт Қансейітұлы.

Айта кетейік, Қазығұрт ауданындағы қарқынды баудың монтаждау жұмыстарын «Зирамакс» компаниясы орнатқан. Аталмыш кооператив маман даярлау ісіне де мән беріп, агрономдардың білімін Италияда жетілдіріпті. Алдағы уақытта кооператив басшылығы қарқынды бау егемін деген оңтүстікқазақстандық шаруаларға ақыл-кеңес беріп, тәжірибелерімен бөліспек. Бұл өз кезегінде өңірдегі қарқынды баулардың санын көбейтіп, алма импортын азайтуға ықпал етпек. Сондай-ақ экспортты ұлғайта түсетін болады.
null 

Соңғы жаңалықтар