ОҚО-да қарулы қақтығыс салдарынан бір адам қаза тауып, сегіз адам жарақат алды

ШЫМКЕНТ. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - ОҚО-дағы Алматы-Термез тас жолының 716-шы шақырымында салынып жатқан қоқысты қайта өңдеу зауыты ауданында қарулы қақтығыс орын алды.
None
None

Соның салдарынан жедел жәрдем ауруханасына оқ тиген жарақатпен жеті ер адам жеткізілді. Оның ең үлкені 47 жаста, кішісі - 28 жаста.

Тергеу кезінде анықталғандай, зардап шеккен барлық азаматтар бір компанияда жұмыс істейді. Олар фирма бастығынан алажағын алуға белгісіз адамдар келгенін айтты. Жұмыскерлер бастығын қорғауға шыққан.

Тергеу қарыз сомасын және басқа жайттарды анықтау үстінде. Алайда, ОҚО ІІД баспасөз қызметі бастығының айтуынша, полицейлер шабуылды бастаған адамның есімін анықтады. Бұл бұрын бұзақылық үшін сотталған Ақтөбе облысының тумасы болып шықты.

Аталған фактімен ҚР ҚК-нің бірнеше баптары, соның ішінде 96 бап «Адам өлтіру» және 257 баптың 3 бөлімі - «Бұзақылық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар