ОҚО-да көлік апатынан 5 адам ажал құшты

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында жол-көлік апатынан 2 жүргізуші мен 3 жолаушы қаза тапты. ОҚО ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, оқиға Леңгір-Екпінді тас жолында орын алған.
None
None

Алдын ала белгілі болған мәліметтерге сай, «Фольксваген-вента» көлігінің жүргізушісі жолдың қарсы жолағына шығып кеткен. Оқиға орнында 4 адам қаза тапты. Тағы біреуі ауруханада көз жұмды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 296-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Баспасөз қызметінен хабарлағандай, оңтүстік өңірде үш күн ішінде 2 мыңнан астам жолда жүру ережесінің бұзылу деректері анықталған. Ал бір аптада жол-көлік апатынан 11 адам қаза тауып, 54 адам түрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алды. Тағы бір ірі апат - Түркістан-Кентау тас жолында болған жол-көлік апаты «Фольксваген-пассат» көлігінің жолдың қарсы жолағына шығып кетіп, «Ваз-2106» көлігіне соғылуынан болған. «Фольксвагена-пассат» көлігін Кентаудың 33 жастағы тұрғыны, ал ресейлік көлікті 38 жастағы Түркістан тұрғыны жүргізген. Алынған жарақаттарынан «Фольксвагеннің» 2 жолаушысы - Ресей азаматтары мен Түркістан қаласының тұрғыны - «Ваз»-дың 24 жастағы жолаушысы көз жұмды. Ал екі жүргізуші жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Оқиғаға қатысты ҚР ҚК 296-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. ОҚО ІІД-де атап өткендей, 3 күннің ішінде олар жүргізушілер қауіпсіздік белбеуін тақпайтын 858 жағдайды, көлік жүргізіп келе жатқанда ұялы телефон пайдаланатын 383 жағдайды анықтаған. Сонымен бірге көлік терезесін қара түстендіретін 97 факті, жылдамдықты бұзу бойынша 80 факті, жолдың қарсы жолағына шығып кету бойынша 18 факті белгілі болған. Ал 13 жүргізуші көлікті тиісті құжаттарынсыз жүргізген, 53 жүргізуші спирттік ішімдік ішіп рөлге отырған.

Соңғы жаңалықтар