13:05, 13 Шілде 2010 | GMT +5
                                        ОҚО-да «құтырыну» диагнозымен ауруханаға жатқызылған жасөспірім көз жұмды
                                            АСТАНА. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында «құтырыну» диагнозымен ауруханаға жатқызылған 16 жастағы бала көз жұмды.
 
                                        
                                        
                                     
                                              Түлкібас ауданы, Майлыкент ауылдық округі Бақытбек ауылының тұрғыны аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне шілденің 3-і күні «құтырыну» ауруын жұқтырды деген күдікпен жатқызылған. Шілденің 6-сы күні диагноз расталып, шілденің 10-ы күні бала қайтыс болды.
Қазіргі таңда, онымен байланыста болған 4 адам медициналық қадағалау мен антирабикалық емдеуден өтіп жатыр, деп атап өтті баспасөз орталығы.
Ауруды жұқтырған орында эпидемияға қарсы шаралар жүргізіліп жатыр.