ОҚО-да медицина мекемелеріне қажетті құрал-жабдықтар алынды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Мемлекет тарапынан жасалынатын қаржылай қамқорлықтан Төлеби ауданының медицинасы да тыс қалған жоқ, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
None
None

Атап айтар болсақ, 2010-2016 жылдар аралығында ауыл емханаларына ел қазынасынан 216 миллион 620 мың қаржы бөлініп, қажетті құрылығылармен қамтамасыз етілді. Ал, күрделі жөндеу жұмысына 393 миллион теңге қаржы қарастырылған. Алайда, ол төлебилік дәрігерлерді түгелдей дерлік қанағаттандырып отырған жоқ.

Бөлінген қаржы әлі де жеткіліксіз. Аудан аумағындағы сегіз ғимарат медициналық стандартқа сай болмай тұр. Сол себептен де ауыл дәрігерлері қысылып-қымтырылып жұмыс істеуге мәжбүр екенін айтады. Дәл осындай күрделі жағдай Керегетас, Киелі тас, Қаратөбе елдімекендерінде  орын алған. Медицина мекемелерін қайта салу қажет. Таулы аудандағы тағы бір проблема - медицина мамандары тапшы.

Мәселен, емханаға қарасты 73 мың халыққа жеті жедел жәрдем бригадасы қызмет көрсетуілері керек. Алайда мұнда тек  төрт фельдшерлік топ бар. Бір құптарлығы, Төлеби ауданының ақ халатты абзал жандары жағдай осылай деп, қол қусырып қарап, отырған жоқ. Қолдан келер әрекеттерін жасап, дәрігерлерлік міндетін мінсіз атқаруға тырысып бағуда.

Соңғы жаңалықтар