ОҚО-да мектептердiң жанындағы жүргiншiлер жолағының маңына 21 шартты нобай орналастырылған

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Облыстық iшкi iстер департаментi басшылығының бастамасымен мектептердiң жанындағы жүргiншiлер жолағының маңына шартты, жасанды нобай қойыла бастады. Бүгiнде мұндай нұсқаның 21-i орналастырылған. Мұндай шартты, жасанды нобайдың әлi 214-i қойылуы қажет.
None
None

Бұл туралы облыс әкiмдiгiнiң қала және ауыл-аймақ көшелерi мен жолдардағы балалар жарақатының алдын алу мәселелерi туралы өткен кеңесiнде айтылған болатын. Басқосуда облыс әкiмi Б.Атамқұлов құқық қорғау органы басшыларына балалардың жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жайында бiрқатар тапсырмалар жүктедi. Облыс басшысы тиiстi қызметкерлерге бiлiм беру ұйымдары маңына жүргiншiлер жолағы мен жол кедергiсiн орнатуды және бағдаршам мен ескерту нобайын қоюды тапсырды.

Бұл туралы «Оңтүстік Қазақстан» газеті жазады.

Биылғы оқу жылының алғашқы күнiнде ОҚО IIД басшысының бұйрығымен Шымкент қаласындағы 141 мектептiң әрқайсысына балаларды жолдан өткiзу үшiн учаскелiк және мектеп инспекторлары бекiтiлдi. Олар мектептiң алдында таңғы сағат 7-ден кешкi 21.00-ге дейiн болып, балалардың жол қиылысы мен жолақтардан қауiпсiз өтуiн қадағалайды.

Жуырда ҚР IIМ-нiң бастамасымен облыста «Назар аударыңыз, балалар!» деген тақырыпта жедел алдын алу iс-шарасы ұйымдастырылды. Iс-шараға жол полициясы, мектеп және учаскелiк инспекторлар қатысты. Iс-шара аясында әкiмшiлiк полиция қызметкерлерi жалпымектептiк жиын өткiздi. №7 мектеп-гимназиясының бастауыш сыныптарына жол белгiлерi мен жүргiншiлер жолағынан өту бойынша сабақ өткiзiлдi. Инспекторлар оларға жолдан қалай өту керектiгiн айтып қана қоймай, түсiнiктi болу үшiн тиянақтап көрсетiп де бердi. Жалпы, iс-шара аясында жол қауiпсiздiгi жөнiнде 215 лекция оқылған.

Соңғы жаңалықтар