ОҚО-да «Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметте» байқауы өтті
«Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметте» байқауын өткізуге Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің облыстық басқармасы мұрындық болды. 4 кезеңнен тұратын сайысқа 7 команда қатысты. 3 қызметкерден құралған топ мүшелері өздерін таныстырып, өнерлерін ортаға салды. Сондай-ақ мемлекеттік терминдердің дұрыс айтылуы бойынша бақ сынап, білімділіктерін байқатты. Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру мен қызметкерлердің ана тілге деген құрметін бағамдау мақсатында ұйымдастырылған сайыстың жеңімпаздары арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Айта кетейік, Облыстық тілдерді оқыту орталығында бір жылда мыңнан астам азамат тіл үйрену курстарынан өткен. Сала мамандары 20 жылда жеткен жетістіктерін саралап, алдағы уақытта өңірдің білікті ғалымдарымен ғылыми-тәжірибелік конференция өткізуді жоспарлап отыр.