ОҚО-да мешіт қызметкерлері 200-ден аса баланы бастан-аяқ киіндірді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласында дін қызметкерлері «Мектепке жол» акциясы аясында қайырымдылық шарасын өткізді. Орталық мешіт білім бөлімімен бірлесіп, 226 баланы бастан-аяқ киіндірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 
None
None

null
Кеншілер қаласында өткен акцияға аз қамтылған және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар шақырылды. Оларға мектепке қажетті оқу қралдары мен киім-кешектер табыс етілді.
null 

Айта кетейік, аталған мешіттің дін қызметкерлері жыл басынан бері 150 отбасыны әлеуметтік тұрғыда демеген. Азық-түлігінен бастап, күнделікті тұтыну бұйымдарымен де қамтыған. Мешіттің имамы мұндай қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да жалғасын табады деп отыр.

Соңғы жаңалықтар