ОҚО-да мұнай базасындағы өрт толық сөндірілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өрт сөндіру құрылымдары Оңтүстік Қазақстан облысындағы мұнай базасында шыққан өртті сағат 17.07-де толық жойды.

ОҚО-да мұнай базасындағы өрт толық сөндірілді

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі хабарлады.

Белгілі болғандай, 12 цистерна мен 3 жартылай вагон өртке оранған. Бір уақытта көбік су шашылып, 11 резервуар өртену қаупінің алды алынды.

Оқиға орнында 22 бірлік техника, ТЖД жеке құрамынан 105 адам жұмыс істеді. Жергілікті атқарушы органдардан 5 су таситын көлік, 2 КАМАЗ, 2 жүк тиегіш көлік жұмылдырылды.

Тілсіз жаудың шығу себептері анықталуда.


 Еске сала кетейік, ОҚО мұнай базасында ішінде жанар-жағармайы болған 12 цистерна өртенді.